Ғалия Темербаева: Халықтың әл-ауқаты жақсарады

0
73
Ғалия Темербаева

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақ елінің даму бағытындағы болашақтың стратегиялық жоспары саналатын Жолдаулары бесжылдықтарда жүзеге асырылатын ауқымды мәселелерге жұмылдырылған. Бүгінгі таңда осы салада кең көлемді, жан-жақты іс-шаралар жүргізілуде.

Міне, биылғы Жолдауында да Елбасы ең маңызды мәселе, мемлекеттің басты байлығы – адам факторына терең мән берді. Өйткені қоғамда дамыған елдердің тұрмыс- тіршілігінде ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Мемлекет басшысы айтқандай қазақ елі әлемде дамыған 30 елдің қатарында көрінуі үшін халқының әл-ауқаты, денсаулығы, білім дәрежесі жоғары деңгейде болуы тиіс. Мұны Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында жан-жақты талқылап, нақты шараларды көрсетті. Атап айтатын болсақ, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру көзделіп отыр. Бүгінгі таңда әлемді экономикалық дағдарыс қаупі торлап отырған қатерлі кезеңде бұл үлкен көрсеткіш. Өмір сүру деңгейінің артуы білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты екені белгілі. Осы салада Елбасы біліктілік талаптарын, оқыту әдісін жақсарту үшін, оқытушылардың, тәрбиешілердің еңбегін бағалау қажеттігіне баса назар аударғаны көңілімізге қуаныш ұялатады. Жастар мемлекеттің тірегі дейтін болсақ, олардың  әлеуетін көтеру керек. Ең бастысы тұрғын үймен қамтасыз ету қажет. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын «7-20-25» бағдарламасы бойынша педогогтар, медицина қызметкерлері, полицейлер және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының баспанамен қамтамасыз етілуі қажет.

Мен, Жолдаудағы медициналық қызмет сапасын жақсарту мәселесі көтерілгеніне қуандым. Әсіресе, участкелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға арттыру күн талабына сәйкес келеді. Ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету аса қажет. Алдағы уақытта барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуі көптен бері көтеріліп келе жатқан қағазбастылық дертінен айықтырады. Кардиологиялық және нейрохирургиялық, онкологиялық орталықтардың ашылуы ауыр дерттердің асқынуын азайтады. Президентіміздің биылғы Жолдауы осындай мәнімен маңызды.

Ғалия Темербаева, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here