Депутаттар тұрғындармен кездесті

0
46

Талдықорған қалалық мәслихатының  №13, №14 сайлау округтерінің депутаттары   Темірболат Ахажан мен Бақыт Арқабаев тұрғындар алдында есеп беріп, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті. Басқосуға ауылдық округ  қызметкерлері,  қалалық мекеме басшылары және тұрғындар қатысты.

Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің  акт залында өткен жиынды қалалық мәслихаттың  хатшысы Қайрат Бұлдыбаев ашып, жиналғандарды Қарттар және Мұғалімдер  мерекесімен құттықтады. Қалалық мәслихатта 15 депутат болса, олар   сайлаушылармен  осындай кездесуді  өткізуді  дәстүрге айналдырған. Мұндай шараның халықпен  өткізіліп, олардың ұсыныстарын білу келер жылдың  бюджетін  бекітер тұста маңызы зор.

 Халық қалаулылары «Шығыс» шағын ауданы мен  Еркін мен Көктал ауылдары бойынша  атқарған жұмыстарға  кеңінен тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

 Еркін ауылында   амбулатория мен мәдениет үйі  құрылысын  бастау жұмыстары қолға алынып отыр. Ауыл орталығындағы   Біләл Сүлеев  атындағы  көшеге  жүргіншілер үшін тротуар төселген. Бірнеше көшенің жолына ағымдағы жөндеу  жұмыстары жүргізілген. Тазалыққа назар аударылуда. Қыс айларында жолды қардан тазалау, көше шамдарын ретке келтіру мәселелері  назардан тыс қалмайды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here