Ербол Қоңыратов грек-рим күресінен ардагерлер арасында Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

0
198
Ербол Қоңыратов

Талантты спортшы, еліміздің мақтанышы Ербол Қоңыратов грек-рим күресінен ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Нұрбақыт Теңізбаев өзінің фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

«Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді деген ғой халық. Жеңісің құтты болсын досым! Армандарыңыз орындалып, еңбектеріңіз жана берсін әрқашанда», — деп жазған екен Н.Теңізбаев.

Айта кетейік, Ербол Қоңыратов  грек-рим күресінен ҚР-ның бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, ХХІІІ жазғы Универсиада ойындарының жүлдегері. Иван Подубный атындағы гран-при халықаралық турнирінің жеңімпазы. Сондай-ақ, 2012 жылы Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен дүбірлі додада Ербол Азатбекұлы Азияның үздігі деп танылған.

Боз кілемде 60-62 келіде қарсылас шақ келтірмеген Ербол Қоңыратов талантты жастардың бағын байламайын деген ниетпен 2014 жылы үлкен спортпен қош айтысты. Алғашқы еңбек жолын Талдықорған қаласының спорт бөлімінде бастап, кейін Алматы облысының спорт басқармасында тәжірбиесін шыңдай түсті. Қазіргі таңда облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі деректорының орынбасары болып, қазақ спортының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жайы бар. Бос уақытында спорт залына келіп, жастармен тәжірбие алмасуды әдетке айналдырған.

Ербол Қоңыратов  1983 жылы өмірге келген. Туған жері Шығыс Қазақстан облысына қарасты Үржар ауданы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here