Мәулен Мамыров: «Мемлекет дәрежесін көтерудің бір жолы — спорт»

0
220
Мәулен Мамыров, еркін күрестен Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері

Президентіміздің кешегі халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын тыңдай отырып, біраз ой түйдік. Үкіметке және әкімдерге жүзеге асырылуы тиіс бірнеше тапсырмалар беріліп, жүйелі жоспарлар бекітілді.

Жер жаһан тоқтаусыз дамып жатқан мына бір дүрбелең дүниеде еліміз әрдайым бәсекеге қабілетті болуы керек. Ол үшін бізге біріншіден дені сау, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу керек. Екіншіден, халықтың әл ауқатын көтере отырып, мемлекетіміздің дәрежесін биікке шығарумыз тиіс. Соның бір жолы – спорт. Мемлекет басшысы айтқандай, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттырып және спорт нысандарын көбірек салып, жастарымызға барынша жағдай жасасақ кейін бұл өз жемісін береді. Спортшыларымыздың үлкен ареналағарға шығуына көбірек жол ашылмақ. Егер де жоғарыда аталған игі бастамалар сәтімен іске асып жатса, нұр үстіне нұр.

Мәулен Мамыров,

еркін күрестен Атланта Олимпиадасының

қола жүлдегері.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here