«Астана» Еуропа лигасында француздың «Ренн» командасын жеңді

0
36
Дереккөз

Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі екінші ойында «Астана» өз алаңында Францияның «Ренн» командасын 2:0 есебімен ұтып, «К» тобында 4 ұпаймен көш басына шықты, — деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Астанадағы ойынды елордалық ұжым алғашқы минуттардан бастап-ақ ширақ бастады. Доп ұстау мен пас беруде басымдық танытып, гол соғуға ұмтыла түсті. Дегенмен бірінші таймда екі команда да сәтті қорғанып, шабуылшылардың белсенуіне мүмкіндік берген жоқ.

«Астана» ойындағы екі голды да екінші таймда соқты. 64 минутта Марин Томасовтың бұрыштамадан асырған добына Бахтиор Зайнутдинов бірінші жетіп, баспен гол соғып, есеп ашты. Одан кейінгі аралықта француз командасының шабуылы ширап, есепті теңестіруге ұмтылды. Ойыншылар алмастырып, Астанадан ұпайсыз қайтпауға тырысты. Елордалық клубтың бас жаттықтырушысы қызметін атқарушы Григорий Бабаян да ойын жүйесін қорғанысқа бейімдеп, Янга мен Логвиненконы алаңға шығарды. Гол соққан Зайнутдинов пен шабуылда сирек көзге түскен Кабананга өз орындарын босатты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here