Жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

0
120

Алматы облысы, Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Әлібек Жақанбаев, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, аудан құрметтілері мен округ тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде:

 – «Халық денсаулығы — Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Сондықтан Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанда әрбір азаматтың денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс», — деп атап көрсетті. Ендеше, бұл амбулаторияда науқастардың саны аз болсын. Дендеріңіз сау, ауырмай жүрулеріңізге тілектеспін. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының мамандары жемісті еңбек етеді деген сенімдемін. Жаңа нысан құтты болсын»,- деді.

Амбулаторияның лентасы қиылғаннан кейін меймандар мен ауыл тұрғындары мекеме жұмысымен танысып, ішін аралады. Құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 87 млн 250 мың теңге бөлінген. Бас мердігер «Мега Сервис» ЖШС. Жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған амбулаторияда 5 қызметкер жұмыс жасайтын болады.

Мұнда стерилдеу, химизатор, қарау, егу, фельдшер, емдеу-жара таңу, акушер және қақырықты жинау, қызметшілер мен ақпарат бөлмелері бар. Дәрігерлік жәрдемге дейінгі, алғашқы және медициналық көмектер көрсетпек. Күндізгі стационарлық емдеуге арналған 3 төсектік орны бар. Күніне 20 адам қабылдайды.

Сонымен қатар жуырда Қарабұлақ ауылында күніне 25 адамды қабылдай алатын фельдшерлік акушерлік пункті халық игілігіне беріліп, қазіргі уақытта ауыл тұрғындарына қалтықсыз қызмет етуде. Негізінен ауданда 3 – аурухана, 19 – дәрігерлік амбулатория, 4 – фельдшерлік-акушерлік пункт, 15 – медициналық, 5 – жедел-жәрдем пунктері жұмыс атқаруда. Онда 678 медицина қызметкерлері халыққа қызмет көрсетуде. Олардың 103-ы дәрігер, 575-і – орта буын медицина мамандары.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here