Конор əлде Хабиб?

0
106
Дереккөз

Күллі əлем көз тіккен екі алыптың айқасына санаулы күндер қалды. Осы уақыт ішінде жастар жағы өзара қол алысып, бəс тігіп жатқан болар.

Жиырма алты текетірес өткізіп, оның бəрінде дес бермеген ресейлік Хабиб Нурмогамедов соңғы жекпе-жегінде Эл Яквинт пен шығып, ұпай саны бойынша басым түскен еді. Бұл жеңіс оған ирландиялық Конор Макгрегермен шайқасуға жол ашты десек те болады.

Жыл матчінің бас кейіпкерлерінің бірі Хабиб баспасөз мәслихатында мұсылманға тəн байсалдылық танытқанын көрдік. Алайда, əр сайысының алдына өзіне тым сенімділік танытатын Конор да оңай шағылатын жаңғақ емес секілді.

Айта кетейік, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағына таласатын екі титанның шайқасына бірнеше маман пікір білдірген еді. Бокстан əлем бойынша экс-чемпион Костя Цзю ресейліктің талантына сеніпті. Айтуынша, Хабиб бұл жолы Конордың өз техникасын пайдаланып, тік тұрып, төбелесуді қолданады екен. Ал, 24 шайқастың 21-інде жеңіс тойын тойлаған, қарымта соққы жасаудың жəне аяқпен теуіп құлатудың шебері Конор Макгрегор бұл жолы осалдық танытуы мүмкін депті өз сөзінде.

Дегенмен, UFC президенті Дана Уайт «Конордың қаухары күштірек, Хабибті сөзсіз жеңеді», — деген екен.

Мұндай үлкен шайқаста кімнің асығы алшысынан түсетінін дөп басып табу қиынның қиыны. Алайда, көпшіліктің тағатын тауысқан тартысты бәсеке раундтың соңына дейін баруы екі талай. Меніңше, бұл жекпе-жекте өз карерасында ирландық төртінші жеңілістің ащы дәмін  татады.

Лас- Вегастың «T-Mobile» аренасында өтетін ұрыс көрерменнің көңілінен шығады деген сенімдеміз. Айтулы шоу 7-ші қазан күні Астана уақытымен сағат 08:00 де басталады.

Думан КЕҢШІЛІК.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here