Жаңғыру аясында жаңа жобалар қолға алынды

0
48

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бүгінде партия қызметін жаңғырту жұмыстарын Талдықорған қалалық партия филиалы  қарқынды жүргізуде.  Партия  филиалының  9 айда атқарған жұмыстарын сарапқа  салар болсақ,осы бағытта бірқатар нақты стратегиялық жобалар қолға алынып, оларды жүзеге асырудың тиімді тетіктері де қарастырылған.

Қазіргі таңда қалалық филиал құрамында 11 200 партия мүшесі тіркелген 28 бастауыш партия ұйымы бар. Үстіміздегі жылы 197 адам партия мүшелігіне қабылданды.

Партия мүшелері өкілетті органдар – облыстық және қалалық мәслихаттарда шешуші рөлге ие. Атап айтқанда, қаладан сайланған 4 облыстық мәслихаттың депутаты, қалалық мәслихаттың құрамындағы барлық 15 депутат «Нұр Отан» партиясының мүшелері.

       Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттап, жүзеге асыру барысында қалалық партия филиалының құрамындағы ақпараттық насихат топ мүшелерінің қатысуымен 81 шара ұйымдастырылып, оған  7954 тұрғын қатысты.

   «Нұр Отан» партиясының республикалық желілік кестесі (іс-шаралар жоспары) бойынша  9 айда барлығы 149 шара ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдау   бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау бөлмесінде  қала әкімі, қала әкімнің орынбасарлары және бөлім басшыларының, қала прокуроры мен мәслихат депутаттарының жеке қабылдауларына  392 өтініш түсті. 93-і бойынша  (24%) оң шешім қабылданып, 368 өтініш бойынша (76%) түсіндірме  жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен өтініштердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына қатысты болғандықтан, тиісті бөлім басшыларының есептері 4 партия отырыстарында тыңдалды.

Партияның  жобалары

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы жаңа стратегиялық 22 жобаны қолға алып, оларды тиімді жүзеге асыруда. Жобаларды іске асыру мақсатында филиалдың арнайы жұмыс жоспары бекітіліп,  медиа-жоспары толығымен орындалды.

Бұған дәлел, ағымдағы жылдың маусым айында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының Алматы облысы Талдықорған қаласына жұмыс сапары барысында жаңа жобаларға оң баға берген еді.

 Екі  ІТ орталық  Талдықорған Политехникалық және Агротехникалық колледждерде ашылған болатын. Бұл оқу орындарында  62 маманды оқыту қолға алынды.  Сондай-ақ,  Оқушылар сарайының базасында бір ІТ-сынып ашылып, бүгінгі таңда «STEM» академиясымен келісімшарт жасалды. 2018-2019 оқу жылында 8-16 жас аралығындағы 150 баланы 3 бағдарлама бойынша оқыту жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2018 жаңа  оқу жылының басында 1200 орындық екі орта мектеп пайдалануға берілді. Оның бірі – жаңадан пайдалануға берілген №28 ІТ  орта мектеп-лицейі деп аталды. Болашақта 12 лицей сыныптарын ашып, толықтай жабдықтап, 330-ға дейін баланы оқытуға көңіл бөлініп отыр.

Партияның  осы 22 жобасы («Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам», «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптар», «ІТ мамандарды даярлау», «Партияның автоматтандырылған дерекқоры», «Е –жарналар», «Е – құжат айналымы», «Е–талдау», «Геоақпараттық онлайн сервис», «Мектеп асханалары», «Мектептегі спорт алаңдары», «Денсаулық сабақтары», «Бірыңғай онлайн кітапхана», «Білім орталығы», «Ағылшын тілін үйрету», «Шығармашыл зиялы қауыммен жұмыс», «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары», «Жас Отан» жастар қанатының Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдермен ұйымымен өзара іс-қимылының схемасы», «Партияның бастауыш ұйымдарын жандандыру») бойынша 5966 адамның қатысуымен 64 ірі іс-шара ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде 89 мақала мен телесюжет жарық көрді.

 «Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік нысандарда пандустардың сәйкестілігі бойынша  11 рейдтік шара ұйымдастырылса,  6 электрлі пандустар орнатылды. Мұндай игі іс  Алматы облысы әкімдігі,  облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимараты, «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, «Асар» мүгедектерді спорттық оңалту орталығы» және «Қазпошта» АҚ  облыстық филиалында қолға алынды. Ал жалпы  қала бойынша 1247 ғимаратта пандус бар.  Көше қиылыстарында зағип жандарға арналған  12 дыбыстық-сигналдық бағдаршамдар орнатылды.

Қоғамдық көлік саласында арнайы жабдықталған 3 автобус жүргізілуде. Қала бойынша 6 арнайы автокөлігі бар 2 инватакси қызметі жұмыс жасайды. Олар күнделікті  65-70 адамға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, автотұрақтарда мүгедектердің көлігіне 109 арнайы орындар белгіленіп қойылған.

Жұмыспен қамту орталығымен бірлесе бүгінгі күнге 775 жұмыссыз азаматтар жолдамамен  орналасты.  Мәселен, «Ерлік» қоғамдық бірлестігіне-12, «Қазақ соқырлар қоғамына» — 12 , «Байтерек» бірлестігіне — 10 , «Корпоративтік фонд Қазақ соқырлар қоғамына» -12 адам жұмысқа жіберілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішінен 88 адам қоғамдық жұмыстарға, 4 азамат  жастар тәжірибесіне,  кәсіби оқуға 14-і жолдама алды. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 2-еу  және тұрақты жұмысқа 34 адам орналасты.  Ниет білдірген 5 адамға өз  кәсібін ашуға несие берілді.

«Сәтті қадам» жобасы аясында  23 түлек жастар тәжірибесімен жұмысқа жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына- 3, қайта даярлау курстарына- 32, тұрақты жұмысқа орналасуға -31 адамға жолдама берілді.

 «Өңірлердегі мемлекеттік — жекеменшік серістестікті кеңейту» жобасы бойынша  «Мектеп асханаларын жаңғырту» бағытында  аз қамтылған отбасылардан шыққан 6250 оқушы тегін тамақтануда. Жаңадан ашылған №27, 28 мектепті қоспағанда,  қаладағы  жалпы білім беретін 23 білім ошағының  асханалары қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2019 оқу жылына № 6, 7 және 23 орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жоспарланып отыр.

 «Бастапқы сынып оқушылары үшін денсаулық сабақтары» бағыты бойынша қаламыздың барлық мектептерінде  дене шынықтыру сабақтарына қажетті сағаттар бөлініп, «Чемпионмен шеберлік сыныбы» шарасы жүйелі түрде өткізіліп келеді.

«Тілдердің үштұғырлығына өту» жобасы аясында шілде-тамыз айларында қаламызда орналасқан №8,11,22,23 орта мектептер мен Оқушылар сарайының базасында ағылшын тілін үйретуге бағытталған 5 ерікті жұмысқа тартылды. Нәтижесінде 130 бала ағылшын тілінде білім алып шықты.

«Қазақстанның кітапханалары: заманауи білім орталықтары» жобасы аясында қаламыздағы облыстық кітапхана, қалалық кітапхана және қалалық балалар кітапханасында коворкинг орталықтары ашылды. Талдықорған қаласы кітапханаларының кітап қоры 352 526 дананы құрайды.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 кітапханада КАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізіліп, электронды каталогтардың дерекқорына барлығы 200 000-нан астам бірлік  құжат енгізілді.

Қазақ Ұлттық электронды кітапханасының (ҚазҰЭК) электронды сақтау қорына барлығы 28 кітап сандық таспаға түсірілді.

«Кәсіби кадрлық резерв» жобасы бойынша – қаламызда 22 адам партия резервіне тіркелген. Резервке алынғандардың орта жасы – 37-ні құрайды.

Сонымен қатар, «Партияны қолдаушылар желісін қалыптастыру», «Тарлан тарих тағылымы»   жобалары аясында да жоспарлы шаралар атқарылуда. Қалалық мәслихаттың «Нұр Отан» депутаттық фракциясында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылау бойынша құрамында 35 мүшесі бар  5 комиссия жұмыс істейді. Жыл ішінде олар бағдарлама аясындағы құрылыс нысандарына 28   рейдтік шаралар өткізді. Алға қойылған міндеттер өте ауқымды.

А.Жазықбаев,

       «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here