«ҚАЗПОЧТА» қарттарды құрметтеді

0
45

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай   қаламыздағы «Шайкен»  мейрамханасында салтанатты шара өтті. «Қазпочта»АҚ Алматы облыстық филиалы барша қарияларын мерейлі мерекелерімен құттықтады.

«Қазіргі  таңда  әр мекеме өздерінде  жұмыс жасаған  қарттарға  үлкен  көңіл аударып, жан-жақты  қамқорлық жасауда. Кезінде  почта мекемесінде 25 жылдан аса  жұмыс жасап, 1997 жылы зейнеткерлікке шықтым. Телеграмма тасушы болып 2 жылдай еңбек еттім. Одан тірек- механикалық шеберханада істеген кезде, осы Талдықорған қаласында  888 почта жәшіктерін орнаттық. Оның арнайы кілті болатын, соны тұрғындарға  таратып, хат-хабарды өздері алып  отыруларына жағдай жасадық. Хат-хабар, газет-журнал, телеграмма тасымалдау тәрізді үлкен міндет жүктелді. Почташы келе жатыр деп балалар алдымыздан жүгіріп шығатын. Әскер қатарына шақырылған, оқуда жүрген студент, алыстағы туыстар бәрі бір-біріне  хат жазатын. Сол жылдары атқарған еңібегімізді  ескеріп, мейрамханаға бас қосуға ұйытқы болған «Қазпочтаның» облыстық филиалының  басшысы Мұхит Кәрібаев пен кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз.Саланың өркендеуіне үлес қосқан ардагерлерді шақырып, ақ дастарқан жайды. Сый-сияпат жасады. Крнцерт ұйымдастырылды. Басқосуда әсем әндеді қариялар бірге орындады. «Қарты бар ел — қазыналы ел» дегендей, ардагерлерді құрметтеп жатқан мекеме басшылығына көптен-көп рахмет»,-дейді газетіміздің тұрақты оқырманы,қадірменді қария, қала тұрғыны Айтмолда Сүгіров.

 Алдыңғы буын ата- апаларымыздың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына, үлгі, өнеге болып қала береді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here