Талдықорған қалалық әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер болды

0
591

Талдықорған қалалық әкімдігінде бірқатар ауыс-түйістер болды. Қала әкімі Дастан Шалтабаевтың өкімімен Данияр Жанысов қала әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ, қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры болып Гүлмира Есжанова, «Талдықорған Көркейту» ЖШС директоры лауазымына Қанат Азаматов бекітілді. Аталған азаматтарды қала активіне шаһар басшысы Дастан Шалтабаев таныстырды.

Данияр Баяхметұлы Жанысов 1986 жылы туған. Білімі жоғары. Бұған дейін қала әкімінің баспасөз-хатшысы қызметін атқарған. Бірқатар танымал басылымдарда PR менеджері қызметтерін атқарған. Ендігі уақытта Данияр Баяхметұлы кеңесшілікпен қатар қала әкімінің баспасөз-хатшысы қызметін қоса атқарады.

Гүлмира Еркінқызы Есжанова 1968 жылы туған. Білімі жоғары. 2010-2011 жылдары «Қамқор» балалар үйінде, ал 2011 жылдан бері «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы қызметін атқарып келген.

Қанат Еркінбайұлы Азаматов 1973 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы заңгер. Жалпы жұмыс өтілі 21 жыл. 2010 жылдан бүгінге дейін «Жетісу жаңа құрылыс» ЖШС сапында қатардағы маманнан бөлім басшысы қызметіне дейін көтерілген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here