Спортшылар қала күні мерекесімен құттықтайды

0
84
Дереккөз

Еліміздің танымал спортшылары, жерлестеріміз тұрғындарды қала күні мерекесімен құттықтайды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев:

Қала күні мерекесімен барлық талдықорғандықтарды құттықтаймын! Шыны керек, қаламыз соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Жаңадан бой көтерген әлеуметтік, спорттық нысандар, халыққа арналған демалыс орындары соның дәлелі. Жалпы, жер жәннаты Жетісудың орталығы – Талдықорған қандай әсем болса, бұл жерді мекен қылған халқтың да пейілі сондай кең, жайдарлы ғой. Өзіме бұл шаһар қатты ұнайды. Бүгінде отбасыммен бірге осында тұрамын. Табиғаты көркем, ауасы таза әсем қаламыз жайнап, жадырай берсін. Қала күні құтты болсын!

Каратэдан Әлем және Азия чемпионы Мерей Сүйінов:

— Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Баршаңызды қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз өркендей берсін, жасыл желекке жамылған гүл шаһарамыз жайнай берсін. Сүйікті қаламыз әрдайым осылай жақсы істерімен алға озып, тарихи оқиғалардың ордасы болсын дегім келеді. Қаламызға деген сүйіспеншілігімді паш ете отырып, барша қауымға қуаныш пен бақыт, әр шаңыраққа шаттық пен береке тілеймін. Қала күні құтты болсын!

Грек-рим күресінен ҚР-ның Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Ербол Қоңыратов:

— Уақыт озған сайын, Жетісудың кіндік қаласы Талдықорғанның келбеті көз алдымызда жаңарып, жанданып келеді. Расын айтқанда, осының барлығы көңіл қуантады. Мен осы орайда Талдықорғанмен бірге ондағы спорт саласындағы жетістіктерді де атап өткім келеді. Иә, облыс орталығында спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Келешекте дене шынықтыруға арналған тағы да бірнеше ғимараттар салу жоспарлануда. Қазіргі таңда Алматы облысының саңлақтары республика көлемінде үздік нәтиже көрсетіп жүр. Соның ішінде талдықорғандық спортшылар да бар. Яғни, мұның барлығы спортқа жасалған жанашырлықтың белгісі. Осындай қуанышты жайттармен бөлісе отырып, әр отбасына денсаулық, бақыт, мерекелік көңіл-күй, бейбітшілік, амандық пен гүлдену тілеймін. Қала күнімен, қымбатты достар!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here