Талдықорған қаласының үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

0
72

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және қала күніне орай  шаhар басшысы Д.Шалтабаевтың қолдауымен қалалық партия филиалында республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының аумақтық іріктеу кезеңі өтті. Аталмыш байқауға  филиалға қарасты 28 бастауыш ұйымның 2017-2018  жылдары атқарған жұмыстары, яғни, партияның бағдарламалық жобалар бойынша  жүзеге асырылуы сараланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара  бастауыш партия ұйымының қызметін ынталандыру  және жандандыру мақсатын көздейді. Үздіктерді анықтау арқылы олардың жұмыс тәжірибесін елдің барлық аймағына тарату, партиялық сайланбалы қызметтер бойынша білікті және белсенді БПҰ төрағаларының кадрлық резервін қалыптастыру және партия жұмысына қоғамдастықтың назарын аудару болып табылады.

Арнайы құрылған  комиссия мүшелері  жалпы 7 критерий бойынша жұмыстарды бағалады.   Байқау болған соң оған тыңғылықты  дайындалып келгендер қатары да көп болды. Байқау нәтижесінде жеңімпаз атанған 1 санат бойынша «Қазақтелеком» БПҰ төрағасы А.Туғанбаев, 2-ші санат «Ақжол» БПҰ төрағасы С.Күметов, 3 санат «Парасат» БПҰ төрағасы Е.Мұқажанов төрағалық ететін ұйымдар облыстық іріктеуге жолдама алды.  Ал «Өнер», «Спорт», «Сенім», «Білім» БПҰ- екінші,«Жарық», «Қазпочта», «Әлеумет», «Шипагер», «Болашақ»  бастауыш ұйымдары үшінші орынды өзара бөлісті. Жеңімпаздарға диплом мен  бағалы сыйлықтар табысталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here