Жүз орынды балабақша ашылды

0
43
Фото авторы А.Нұршанов

Қала күні қарсаңында жүз орынды  “Супер детки” балабақшасы мен  балалар ойын алаңы ашылды.

Фото авторы А.Нұршанов

Ашылу салтанатына арнайы келген қала әкімі Дастан Шалтабаев “Құрметті қала тұрғындары мен ата-аналар, бүлдіршіндер! Қала күні мерекесіне  орай бірқатар ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі бүгін  балабақшаның ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Болашақ осы кішкентай бүлдіршіндеріміздің қолында. Жас ұрпақты білімді, жан-жақты етіп тәрбиелеуде балабақшаның маңызы зор деп білемін. Заманауи талапқа сай бой көтерген  ғимаратта жас өскіндеріміздің ой-өрісі дамыған, спортқа бейім, өнерлі болып ержетеріне сенімдімін.  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!-деп ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, ата-аналар тарапынан сөз алған Ғалия Абдусова мен Күмісай Шыныбекова ел азаматтары мен барша ұжым мүшелеріне алғыстарын білдірді.

Фото авторы А.Нұршанов

Шара барысында “Балдырған”, “Күншуақ”, “Құлыншақ” тобының тәрбиеленушілері қонақтарға естелік сыйлықтар табыстап, өнерлерін көрсетті.  Қала бойынша мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту көрсеткіші 97 %. Бұл жөнінде  қала әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова “Білім жүйесінің негізін  мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары құрайтындығы баршаға мәлім. Себебі,  әрбір баланың  әлеуметтік және шығармашылық  базалық қабілеті осы кезеңде дамиды. Шаhарымызда балабақша ашу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда 67 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның 43-і  жекеменшік балабақша”-деп атап өтті.

Фото авторы А.Нұршанов

Талдықорғандықтар мереке қарсаңында тағы бір игілікті шараның куәсі болды. “Жастар” шағын ауданында үш бірдей балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Айта кетейік, жобалаушы “ONT-NP” ЖШС , мердігер “Фирма LAN” ЖШС, техникалық қадағалау жұмыстарын  “KBC-Company” ЖШС жүргізді.  “Бұл алаңқайлар балғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді” дейді аула тұрғындары. Дастан Тұрарбекұлы “Бүгін балаларымыз үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Олардың қуанған сәтін көруден асқан  бақыт жоқ шығар. Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар-деп алаңды аралап шықты.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here