Полицияның учаскелік пункті Көкталда бой көтерді

0
38

Қала күні қарсаңында  Еркін ауылдық округіне қарасты  Көктал ауылында  жергілікті учаскелік полиция пункті  ашылды. Ресми  ашылу салтанатында Талдықорған қаласының әкімі  Дастан Шалтабаев  құттықтау сөз сөйледі. Ел тыныштығын сақтау жолында күндіз-түні аянбай еңбек етіп келе жатқан тәртіп сақшыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың бірегейі екендігін жеткізді.  Жалпы ғимарат аумағы 150 шаршы метрді  құрайды.

Жиында қала басшысы  Д.Шалтабаев пен ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Т.Ізбасқанов ғимараттың лентасын қиды. Ауыл әжелері шашу шашты. Келген қонақтар  ғимарат ішін аралап көрді.

Елбасының тапсырмасын орындап,  Алматы облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан игі іс халық тыныштығы жолында алаңсыз еңбек етуге мүмкіндік береді.  «Шығыс» қалалық полиция бөлімінің №2 учаскелік полиция пункті  инспекторы, капитан  Жасұлан   Сәттібектің жанұясына  тұрғын үй  пайдалануға берілді.  Үш бөлмелі тұрғын үйдің айналасы абаттандырып қойылған. Жасұланның  зайыбы Динара да ІІБ-нің қызметкері. Жас отбасы  өз үйлерін жұмыс  жасауға ыңғайлы қоныс дейді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here