Жаңа полиция бөлімшесі ашылды

0
48

Талдықорғанның қала күні  қарсаңында Еңбек ауылында полиция бөлімшесі ашылды. Салтанатты шараға Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Ғимараттың лентасы қиылысымен ауыл ақсақалдары және арнайы келген қонақтар бөлімшенің ішін аралап, полция қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа нысан әсіресе тұрғындар үшін өте ыңғайлы. Яғни, жиырма төрт сағат жұмыс істеп тұрған бөлімшеге ауыл адамдары кез келген уақытта келіп, арыз шағымдарын қалдыра алады. Сол үшін ғимараттың бір бөлігін учаскелік инспекторға үй есебінде беріп отыр.

Талдықорған қаласы бойынша жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Базиевтің айтуынша, Алматы облысында мұндай бөлімшенің 160-тан астамын салу көзделген. Ал, Талдықорған қаласына қарасты елдімекендерде дәл осындай 11 нысан тәртіп сақшыларының пайдасына берілмек. Бұл өз кезегінде қылмыстың жедел ашылуына және оның алдын алуға көмегін тигізеді дейді мамандар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here