ОБЛЫСТАҒЫ ДІНИ АХУАЛ ДАМУЫНЫҢ ҮРДІСТЕРІ

1
45

Облыс аумағында діни ахуал тұрақты және болжамды болып сақталды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан өткізіліп жатқан діни төзімділікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ықпалын тигізуде.

Облыс аумағында өткізілген іс-шаралар дін саласындағы мемлекеттік саясаттың талаптарына сай жүргізіліп отырды.

Жергілікті тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының, сондай-ақ, облысымызға білімі мен біліктілігі жоғары теологтар шақырылып, әр түрлі форматта өткізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде өңір жұртшылығының діни сауаттылығы артып, оң көзқарас қалыптасып келеді.

Есептік кезеңде, облысымыздағы конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылды.

2018 жылға арналған жоспар бойынша дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бағытында қызмет ететін Алматы облысының ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы халық арасында өз деңгейінде, тұрақты жүргізілуде.

Діни бірлестіктер және олардың филиалдарымен пайдаланатын ғибадаттар (ғимараттар) және басқа үй-жайлар туралы мәліметтер. Діни бірлестік пен филиалдарын жалпы саны 599-ды құрады. Оның ішінде: ислам мешіті-438, православ-52, Рим-Католик-11, протестанттық-96 және 2 дәстүрлі емес діни бірлестіктер.

Облыс көлемінде мешіттерде барлығы 533 имам қызмет атқарады. Олардың ішінде: 420 бас имамдар, 84 наиб имамдар, 20 ұстаз,  9 азаншы және де 11 мешітте бос орындар бар. Атап айтқанда: Балқаш ауданы –2,Қаратал 1, Көксу ауданы –1, Кербұлақ ауданында –2, Кеген ауданында – 2, Ұйғыр ауданы – 2, Қапшағай қаласы – 1 мешітке имамдар қажет етеді.

Облыста имамдардың білім деңгейлері бойынша 154 жоғары білімді, 88 медресе бітірген, 219 курстан өткен және 71 орта білімді имамдар қызмет атқарады.

Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 300 діни қызметкер жұмыс істеуде. Олардың ішінде: 73 православтық, 29 Рим-Католиктік, 195 протестанттық, 2  Бахаи,1 Кришна санасы.

Христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында білім деңгейлері бойынша 52 жоғары білімді, 39 орта білімді, 209 курстан өткен қызметкерлер қызмет атқарады.

Миссионерлік қызметтің жағдайы.  Облыста  заңды  түрде  тіркелген  31  миссионерлер  жұмыс атқаруда, оның 22-і католицизмді, 4-і протестантизмді (пресвитериан), 3-і исламды және басқа да 2 (кришнаиттер) ұстанады. Кореядан–8, Польшадан–6, Италиядан–4, Қазақстандық–3, Испаниядан–5, Мысырдан- 2, Түркиядан – 1 тіркелген.

Діни әдебиеттерді таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың қызметі. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №337 қаулысымен діни әдебиеттерді таратуға арналған 20 арнайы тұрақты орындар бекітілген. Оның ішінде 8 орында (Алакөл, Ескелді, Іле, Жамбыл, Қарасай, Сарқан, Талғар аудандары және Талдықорған қаласы) діни әдебиеттер сатылады.

Есепті кезеңде діни әдебиеттерді және өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға арналған арнайы тұрақты орындардың орналасуын келісуге өтініштер түскен жоқ.

Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлердедіни                       іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың қызметі. Алматы облысының        2012 жылғы 10 желтоқсандағы №389 қаулысымен 7 намазхана келісілді.

Ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстары. Облыс бойынша құрамында 363 мүшесі бар 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық 20 ақпараттық-түсіндіру топтары жаңартылып жұмыс жасауда.

Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарына: 108 мемлекеттік қызметкер,                    31 құқық қорғау органдары қызметкері, 18 беделді азамат, 8 денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар, 3 Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени топ өкілдері, 76 ҚМДБ имамдары және басқада діни бірлестіктердің өкілдері, 23 дінтанушы, исламтанушы, теолог, 10 ҮЕҰ қоғамдық бірлестік өкілдері,         3 мәдениет, өнер және спорт саласының өкілі, 11 партия жетекшілері мен мәслихат депутаттары, 29 мектеп, колледж директорлары мен мұғалімдері,      20 жастар ұйымдарының өкілі, 20 БАҚ өкілдері және 3 бұрынғы дәстүрлі емес діни ағым ұстанушылары (адепт) тартылған.

2018 жылдың ІІІ тоқсанында облыс бойынша жоспарға сәйкес 46 семинар, 3 дәріс,  14 конференция, 36 дөңгелек үстел, 180 кездесу, 44 акция, 14 сауалнама, 5 көрме, 2 отырыс, 1 дебат, 2 оқыту курсы, 11 спорттық іс-шара  жалпы 358 іс-шара өткізіліп, оған 41 631 адам қамтылды.

АТТ мүшелері жүргізген іс-шараларда қамтылған негізгі мақсатты аудитория: жастар (жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, ЖОО студенттері, маргиналды жастар), мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың қызметкерлері, діншіл жамағат, сотталғандар.

 

Алматы облысының Дін істері басқармасы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

1 Пікір

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here