Қаламы қарымды қаламгерлер

0
51
дереккөз

Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп-гимназиясында Тілдер айлығы аясында  тағылымды кеш өтіп, оған ақын, журналист Сағыныш Намазшамова, «Жетісу» телеарнаасының  «Монолог» бағдарламасының редакторы Ақбөпе  Жиенқұлова, қалалық газеттің журналисі Данагүл Әнуарбекқызы қатысты.

Кеш қонақтары  оқушыларымен  сұхбат құрып, олардың көкейіндегі сауалдарға жауап берді.  Оқушылар ақындардың шығармашылығынан   жүрек тербетер жырларды  жатқа  оқыды.

Сырлы сөзді өлеңмен өрген  ақындар да өз кезегінде  балаларға өз өлеңдерін оқып берді.

 «Рухани жаңғыру» және «Тілдер» мерекесіне орай оқушылар  өз өнерлерін ортаға салды. Бұл игі шараны мектеп-гимназияның қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бірлестігінің  мұғалімдері ұйымдастырды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here