Ел- бүгіншіл, менікі ертең үшін

0
49

Талдықорған қаласының №28 орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пәні мұғалімі Светлана  Исаеваның ұйымдастыруымен «Ел — бүгіншіл, менікі — ертең үшін» тақырыбында 9,10–сынып оқушыларымен  дөңгелек үстел өтті.

Шара қонақтары  І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ-дің оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Ш.Қияхметова, қалалық  газеттің  тілшісі Д.Мəкен, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Ə.Кенжеғұлова, Талдықорған қаласы білім бөлімі əдіскерлер кабинетінің әдіскері   М.Садуақасова оқушыларға латын  қарпіне көшу турасында ойларын білдірді.  Профессор Шара Қияхметова еліміздің неше мәрте  ауысқан араб, латын, кириллицамен жазу  тарихына үңілді. Латын қарпінің  неліктен енгізілетіндігіне де тоқталды.

Оқу жылын жаңа мектепте бастаған оқушылар Светлана Нұрғазықызының тапсырмасымен  латын қарпімен  эссе жазыпты. Оқушылар  ана тіліміздің латын қарпіне ауыстырылуында еш қиналмайтындықтарын айтты, себебі олар ағылшын тілін меңгеріп жатыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here