Автобус аялдамасының әйнегін сындырған бұзақылар ұсталды

0
157

Талдықорған қаласында автобус аялдамасының әйнегін сындырған бұзақылар ұсталды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

21-ші қыркүйек күні Азат Жанбаев, Константин Анбилов және Эльдар Гаумаудинов есімді үш азамат ішімдік ішіп алып, мас күйінде көше бойындағы автобус аялдамасына тас лақтырыпты. Артынша, бұзақылар патруль полициясының көлігін көре салысымен, дереу оқиға орнынан ізін суытпақ болған. Алайда, тәртіп сақшылары Константин Анбиловты Н.Алдабергенов көшесінде қолға түсіріп, Батыс қалалық полиция бөлімшесіне алып кеткен. Көп ұзамай достары Азат Жанбаев пен Эльдар Гаумаудинов та ұсталған.

Анықталғандай бұзақылардың үшеу де Алакөл ауданынан болып шықты. Азат пен Константин Талдықорған қаласында құрылыс саласында жұмыс жасап жүрсе, аялдамаға тас лақтырған Эльдар Алматы қаласынан келген. Үшеуі де өз істерін толығымен мойындап, халықтан кешірім сұрады.

Учаскелік инспектор Әмір Нұртасұлының айтуынша, бүгінде шыққан шығын көлемі анықталу үстінде. Одан кейін қылмыстық іс қозғалып, арнайы шара қолданылмақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here