Партия филиалының конференциясы өтті

0
57

Талдықорған қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының кезектен тыс XXVІ конференциясы өтті.

Күн тәртібінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі мәселелер туралы және «Нұр Отан» партиясынан Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына №2 сайлау округі бойынша кандидат ұсыну туралы мәселелері қаралды.
Конференцияны партия филиалының төрағасы Дастан Тұрарбекұлы Шалтабаев ашып жүргізіп, шараға облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев, сонымен қатар, филиалдың Саяси Кеңес, Бюро мүшелері, депутаттар және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ғалиасқар Төлендіұлы баяндап, Жолдаудағы негізгі мақсат міндеттерді атап өтіп, жұмыстарға тоқталып өтті. Талдықорған қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Оспанова Жолдаудың қалада іске асырылып жатқан жұмыстар бойынша баяндап, негізгі нәтижелерін тілге тиек етті.
Екінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясынан Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына №2 сайлау округі бойынша Серік Максимұлы Жансеңгіров ұсынылып, делегаттардың қолдауымен кандидатурасы қабылданды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here