Кәсіпкер бизнесін кеңейтпек

0
45

Орынәлі Тойыншы — Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ кентінің тұрғыны. Кәсіпкердің 2 жыл бұрын ашылған шағын дәмханасы бар. Бүгінде тамақтану орнының жұмысы тұрақты табыс әкеліп тұр. Кәсіпкер бұл табысын еселеу мақсатында кәсібін кеңейтуді қолға алды.

Осы мақсатта ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалына өтініш берді. Өз кезегінде қор кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырып, Орынәліге 9 800 000 теңге берді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының бас несиелік менеджері Ардақ Серікбаеваның айтуынша, Орынәлі бұл қаржыны «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 60 айға 16 пайыз жылдық үстемемен алған. Нсеиенің мақсаты – тауарайналымды толықтыру және негізгі бұйымдарды сатып алу. «Бізден несие алу үшін Қазақстан аумағындағы кез келген өтімді жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға болады. Қарызды жұмысын жаңа бастаған кәсіпкер де, бұрыннан бизнесте жүрген азаматтар да ала алады» дейді қор өкілі.

Алған несиеге кәсіпкер кафе маңындағы бос жерге жазғы алаң салмақшы.

«Қазіргі кезде кафенің ішкі жұмыстарымен айналысып жатырмын. Яғни дәмхананың ішкі жабдықтарын жаңалаудамын. Содан кейін жазғы алаңға кірісемін. Болашақта кафе маңына бірнеше киіз үй тігемін. Ұлттық стилдегі киіз үйлерде тұтынушыларға алдағы көктемнен бастап ұлттық тағам түрлерін ұсынатын боламыз» дейді кәсіпкер Орынәлі Тойыншы.

Бүгіндері «Дос» кафесінде еуропа және шығыс тағам түрлері дайындалады. 80-100 адам сиятын кафе той-томалақтан босамайды. Кәсіпкер қазіргі кезде 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қыс кезінде және жазғы алаң іске қосылғанда жұмысшылар саны 2 есеге өспек.

Кәсіпкер мамыр-шілде айларында «Бизнестің жол картасы 2020» және «Бастау» бағдарламалары бойынша «Кәсіпкерлікке кіріспе» курсын тәмамдап, арнайы сертификат иеленген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here