Абылай Мырзахметов: Бизнеске ақпараттың онлайн қолжетімділігі қажет

0
37

Алматы облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жер учаскілерінің қолжетімді болуы, көтерме және тарату орталықтарының құрылысы және ұзақ мерзімді келісімшарттар енгізу мәселелері талқыланды.

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша республикалық Қоғамдық кеңестің мүшелері – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов барды.

Сапар аясында Өңірлік палата алаңында кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесу барысында талқыланған басты мәселелердің бірі – жер учаскелері туралы ақпараттың қолжетімділігі. ҰКП Басқарма Төрағасының айтуынша, Алматы облысы қолданыстағы бас жоспардың материалдары мен егжей-тегжейлі жоспарлауды қамтитын қала құрылысы жобалары бойынша геоақпараттық деректер базасын құру жұмысын бастады. Мұндай жұмыс Қызылорда облысы, Астана және Алматы қалаларында жүргізілуде.

«Әкімдіктердің бас жоспарлар туралы, егжей-тегжейлі жоспарлау және бос жатқан жер учаскелері туралы ақпаратты онлайн қолжетімді ету үшін қаражат бөлуі өте маңызды. Мысалы, 5-6 сиыры бар «Бастаудың» түлегі өз ісін кеңейтіп, тағы 10-15 сиыр сатып алуға ниетті. Оған жайылым қажет. Жер учаскесі іздеген ол жер учаскесінің жоқтығын немесе бос жатқан жер учаскесі туралы ақпараттың жоқтығын біледі. Кәсіпкер іздемеуі керек. Барлық ақпарат онлайн режимде қолжетімді болуы тиіс. Кәсіпкерлер барлық есіктерді қақпай, барлық қызметті бір жерден алуы үшін бұл алаңды Өңірлік палаталар арқылы құру қажет», – деді Абылай Мырзахметов.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы қаржы ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру, отандық тауар өндірушілерді қолдау және кадрларды оқыту туралы атқарылған және жоспарланған жұмыстар барысы туралы әңгімеледі.

«Аймақтардағы фермерлердің тағы бір маңызды мәселесі – сауда желілеріне қолжетімділік. Бүгінгі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) елді мекендерде фермерлер өз өнімдерін өткізуге болатын көтерме және тарату орталықтарының жүйесін (КТО) құруда. Осындай орталықтардың жоқтығынан олар өндірістің 30% -ын жоғалтады. Фермерлер нарыққа шығу мәселесін өздері шешпеуі керек. Олар тек өнімді қоймаға өткізіп, тиесілі қаражатты алуға міндетті. Қазіргі уақытта КТО жүйесі бойынша Ауыл

шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жұмыс атқарылуда», — деді Абылай Мырзахметов.

Кездесу барысында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова кәсіпкерлікке ұзақ мерзімді келісімшарттарды енгізу қажеттілігі туралы мәселені көтерді.

«Біздің зауыт жол құрылысы материалдарын өндірумен айналысады. Нарыққа шыққанымызға 10 жыл болды. Тендерлер желтоқсан айында, кейде қаңтарда немесе ақпан айында өтеді, ал тапсырушы өнімді наурыз айында талап етеді. Осы аз уақыт ішінде мен келісімге қол қойып, шикізат сатып алып, өнімді дайындап, бүкіл Қазақстан бойынша жеткізіп беруге міндеттімін. Қазіргі жағдайда бұл мүмкін емес. Сондықтан бизнеске ұзақ мерзімді келісімшарттар беру өте маңызды. Сонда ғана бизнес өз жұмысын жоспарлай алады. Бұл мәселе менде ғана емес, бұл жүйелі мәселе. Мектеп асханаларында, ауруханаларда да осыған ұқсас жағдай, олар да жыл сайын сатып алуды жариялауға мәжбүр болады», – дейді кәсіпкер.

Өз кезегінде Абылай Мырзахметов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бес жыл мерзімге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Бұл кәсіпкер үшін де, тапсырыс беруші үшін де ыңғайлы. Бүгінде біз ірі жобалар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, мектептер мен ауруханаларда конкурстар өткізу дұрыс емес. Мұнда қоғамдық және әлеуметтік мүдделер тұрғысынан келу керек. Біз осы бастаманы қолға алуға дайынбыз», – деп атап өтті ҰКП Басқарма Төрағасы.

Тағы ерекше талқыланған тақырып – жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың «Бастау» жобасына қатысуы. Жобаның түлектері өздерінің алғашқы оқу нәтижелерімен және кездескен қиындықтарымен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов өңірлік бизнестің мәселелері мен ұсыныстары Парламенттің сессияларында жарияланатын болады деп мәлімдеді.

«Президент бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөледі. Бұл жақында кәсіпкерлік қызметі туралы қол қойылған заңда куәландырылған. Жалпы, барлық Бес әлеуметтік бастама кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Бүгінде біз «Атамекенмен», салалық қауымдастықтармен бірлесіп кәсіпкерлік саланы жетілдіру бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз», – деді депутат.

Сондай-ақ Нұртай Сәбильянов Кәсіпкерлер палатасының кеңсесі Кәсіпкерлердің үйі екенін айтып өтті. Ол Алматы облысы әкімдігінің

қолдауымен құрылған болатын. Ол өзге өңірлер үшін бизнес пен билік арасындағы өзара қарым-қатынастың табысты үлгісі.

ҚР Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруды қадағалау үшін республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов жұмыс сапары аясында облыс әкімінің қатысуымен өткен отырысқа қатысты, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде болды, кәсіпкерлерге толық форматты қызмет көрсету орталығы жұмысын байқап, Талдықорған қаласындағы 16-қабатты үш тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, сапар барысында «Талдықорған» автоматтандырылған газ тарату станциясына және «Сарымсақов Р.Ж.» шаруа қожалығына бару да жоспарланып отыр.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here