Туриннің «Ювентус» клубына ауысқан португалдық футболшы Криштиану Роналду Италия чемпионатындағы алғашқы ресми голын соқты, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жанкүйерлер оның ресми голын асыға күтті. Роналду «Сассуолоға» қарсы ойында екі бірдей гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Футболшы алғашқы голын 50 минутта, екінші голын 65 минутта соқты. Матч соңында қарсылас команда бір гол салып, есепті қысқарқан еді. Ойын 2:1 есебімен аяқталып, «Ювентус» 3 ұпайға ие болды.

Криштиану Роналду осылайша ұлттық чемпионаттарда (Португалия, Англия, Испания және Италия) соққан голдар санын 400-ге жеткізді. Ол 4 елдің лигасында 517 ойынға қатысқан. Атап айтсақ, «Спортингта» — 3, «Манчестер Юнайтедте» — 84, «Реал Мадридте» — 311 және «Ювентусте» — 2 гол соққан.

Еске сала кетейік, Роналду туриндік клубпен биыл шілде айында келісімшартқа отырған еді. Шарт бойынша ол «Ювентус» қатарында 2020 жылға дейін ойнайды. Трансфер құны – 112 миллион еуроны құраған. Ал футболшының жылдық жалақысы 30 миллион еуро.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page