Шымкент қаласы үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құнының лимиті 25 млн. теңге

0
38

 

Ұлттық Банкінің басқармасымен қабылданған қаулыға сәйкес Шымкент қаласы үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы сомасы 25 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл сома 15 миллион теңгені құраған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Шымкент республикалық маңызы бар қаланың мәртебесіне ие болды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

«Бұл Шымкент тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Қалада тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамып келеді. Бүгінде Шымкентте 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Лимиттің ұлғаюы қала тұрғындарына тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді», — деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Осылайша, еліміздің 5 қаласында Бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алудың ең жоғарғы сомасы 25 млн. теңгені құрайды. Бұлар Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент. Басқа өңірлерде Бағдарлама бойынша тұрғын үйді 15 млн. теңгеден қымбат емес бағаға сатып алуға болады.

«Баспана» Ипотекалық ұйымы

Сыртқы байланыстар қызметі

Тел: 8 (727) 2772025, ішкі — 7340

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here