Мен не көрдім өмірден — Қиял Тажиева

0
168

«Өлеңге әр кімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы» — деп, ұлы Абай данамыз айтқандай, жақсы сөз – жан азығы. Қырғыздың ақын қызы Қиял Тажиеваның орамды ой, шебер тілмен жеткізген мына бір өлеңі  әрбір оқырманға  рухани азық сыйлары анық. Шығарманы қырғыз тілінен аударған Саят Қамшыгер.

Мақсатыма шыңға қанат қақтырсам,
Өмірімде көңілдерді шат қылсам.
Кімге қанша жетер екен, білмеймін,
Жиғанымды барша жанға лақтырсам.

Кімді ойлантып, іштерінен жалынтып,
Мен кімдерді қойдым екен сағынтып.
Кешірімді жеткізші деп сұрасам,
Күннің нұры қояр мұңнан арылтып.

Кімді сүйдім, кімге сезім тарады,
Кімнің мен деп жорғалады қаламы?
Тілейтінім жанды елітсін мейірім,
Күн нұрының сүйгеніндей даланы.

Жылаттым ба? Мен үшін кім сыздады?
Кімге тиді ашуымның мұздары?
Ешкімді де үсітпесін мендегі,
Жанды аямас қатал қыстың ызғары.

Кешіріңдер, түрлі-түсті гүлдерім,
Сендер менен не таптыңдар, білмедім.
Мен сендердей әр жаз сайын ашылып,
Көздің жауын алып талай гүлдедім.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here