Үшке тайып жығылған мұғалім

1
161
дереккөз

Талдықорғандағы бір мектептің мұғалімі  шәкірттеріне ренжіп, сыныбындағы барлық балаға 3 қойыпты. Үздік оқушылар өздерінің еш төмен баға алып көрмегенін айтса да, мұғалімі тыңдамапты.

Сонымен, бұл текетірес ушығып, мектеп басшысына жетсе керек. Қыстың күні екен. Сабақтан соң мәселені өзі шешпекші болған директор ерегескен екі тарапты жиналысқа шақырыпты. Бірақ, 3 қойғыш мұғалім шақыра барғандарға көк мұздан тайып жығылып, ауырып жатырмын деген сылтау айтып жиналысқа келмей қойыпты. Сонда оның жаңа ғана ауласында сау жүргенін көрген бір оқушы орнынан  ұшып тұрып, директорға: «Ағай біздің мұғалім көк мұзға емес, өзінің оқушыларға қойған үштеріне тайып жығылып, ауырып жатыр» – деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

1 Пікір

  1. Қәзіргі балаларға ұрыспақ түгелі үш қоя алмай қалған мұғәлімдерге обал ақ. Әр қойған бағасы талқыға түссе осы мектептің директоры ұстаздарын бағаламайды еген пікір қалыптасады екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here