Қоқыс төккендерге айыппұл салынды

0
156
фото М. Тоқтасын

Жыл сайын жасарып-жайнап, өсіп-өркендеп келе жатқан Талдықорғанда қала тазалығымен қоғамдық тәртіп басты назарда. Дей тұрғанмен, аймақ тұрғындары арасында тазалық қағидасын сақтамай кез-келген жерге қоқыс тастап, көше шамдарын, аялдамаларды сындырып кету әрекеттері жиі қайталануда.

Жақында қаланың шығыс аумағына орналасқан Еркін ауылы маңындағы күре жолдың бойына белгісіз біреулер 20 тоннаға жуық құрылыс қалдықтарын төккен. Тексеру нәтижесінде қоқыс үйілген аумақ заң бұзушының өз жер телімі болып шықты. Алайда, аталған азамат ережені сақтамай, заңсыздыққа жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды. Ол дер кезінде айыбын мойындап, техника жалдап, төгілген қалдықты шығарып, сол маңды ретке келтірді. Еске сала кетейік, қоршалмаған аумаққа қоқыс төгу заңға қайшы. Сондықтан, әрбір тұрғын қала көркіне нұқсан келтіретін мұндай әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

фото М.Тоқтасын

Аймақтағы ІІД өкілдерінің берген мәліметінше, жыл басынан бері қала аумағында дәл осындай заң бұзушылыққа жол берген 4 азамат анықталған. Оларға қылмыстық кодекстың 505-бабы бойынша хаттама толтырылып, тиісті шаралар мен ескерту жасалған. Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын шаһардағы Абылайхан көшесінің бойындағы аялдаманы бұзақылар сындырып кеткен. Олар сол маңдағы бейнебақылау жүйесіне де түспей қалған. Қазіргі уақытта бүлінген аялдама қалыпқа келтіріліп, орын алған қылмыстық оқиға бойынша  күдіктілер іздестірілуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here