Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі лауазымына тағайындалды

0
149

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев Іле ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы taldykorgan-online.kz порталы Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚАРАСАЕВ Бағдат Әбілмәжінұлы 1964 жылы туған. Алматыдағы теміржол институты мен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін аяқтаған.

Еңбек жолын Андреев ауданына қарасты Дзержинск ауылында орналасқан №13 орта кәсіптік-техникалық училищесінде мұғалім болып бастаған. Әр жылдарда №13 ОКТУ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Алакөл Агро», «Қайыңды» ЖШС-ның директоры, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының жетекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Талдықорған қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан – Алматы облысы әкімінің кеңесшісі.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Медеуов Қыдыркелді Өміржанұлы зейнетке шығуына байланысты Іле ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here