фото А.Нуршанов

Бүгінгі  Білім күнінде Талдықорған қаласында әрқайсысы 1200 оқушыға  арналған екі жаңа мектеп ашылды. Талдықорғандықтардың қуанышты сәтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бөлісті.

Сурет авторы А.Нұршанов

«Бұл нысанның ашылуы қызық болды. Басында бұл жерге дарынды балалар оқитын № 24 мектеп-лицейді орналастырамыз деп шешкенбіз. Бірақ, халықтың сұранысынан кейін, ол шешімді өзгетіп, Талдықорғанның жаңа шағын ауданының балалары баратын жаңа мектеп қылып ашып отырмыз. Қуаныштарыңыз құтты болсын!» деп ағынан жарылды Амандық Баталов. Облыс әкімі атап өткендей, биыл Алматы облысында 45 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барған. Сондай-ақ, өңір бойынша 9 жаңа мектеп ашылады.

Қаланың оңтүстік-батыс ауданындағы №28 IT мектебіне келушілер қарасы көп. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылып отырған жалпы білім беру мекемесінде 1040 бала оқуын бастады. Тек бірінші сыныптардың өзі 9. 130 адам жұмыс істейді. Жаңа мектепте арнайы жабдықталған сыныптар, медициналық кабинет, мәжіліс залы, акт залы, спорт залы және бірнеше шеберхана сыныптары бар. Мектеп директоры Гүлжанар Еспанованың айтуынша, нысанда алаңсыз білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Қажетті кадрмен толық қамтылған.

№27 орта мектептің ашылу салтанатында да аймақ басшысы Амандық Ғаббасұлы жиналған оқушылар мен ата-аналар, ұстаздарды Білім күнімен құттықтап, алғаш  мектеп табалдырығын аттаған балаларға ақжарма тілегін арнады. Жаңа оқу жылында оқушыларға биік талап, ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тіледі.

Жаңа мектеп 1200 орынды, 46 маман қызмет жасайды. Мектеп директоры Гүлжан Сыдыбаеваның айтуынша, бүгінде 700-ден аса бала қабылданған. 3 қабатты ғимарат 5 блоктан тұрады. 61 оқу кабинеті мен 3 оқыту шеберханасы, спорт пен мәжіліс залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинет бар.

Облыс әкімі бастаған делегация кабинеттердің жабдықталуын аралап көрді. Асханаларыды арнайы тексеріп, оқушылардың ыстық тамағына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Спорт залдарды да арнайы аралап, оқушлармен бірге естелік суретке түсті. Себетті дәл көздеп, оқушылардың ықыласына бөленді.

Сурет авторы А.Нұршанов

Жалпы, биыл облыс бойынша 22 білім беру нысандарына құрылыстық жөндеу жұмыстары жасалып, 6,8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Талдықорған қаласынан өнерпаз оқушылар үшін 300 орынды музыкалық мектеп бой көтеруде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page