Алакөлде бес жұлдызды жаңа қонақжай кешені ашылды

0
129

Алакөлде жылына 30 мың туристті қабылдайтын бес жұлдызды жаңа қонақжай кешені ашылды. Бұл туралы taldykorgan-online.kz порталы Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауқымды жобаны «Falcon Petroleum» ЖШС-і жүзеге асырған. Тартылған инвестицияның жалпы көлемі 4 млрд. теңгені құрайды. Көпсалада қызмет көрсететін қонақжай кешенінде 107 бөлме бар. Бір мезетте 450 адамның жайғасуына мүмкіндік бар. Оның 97-і стандартты, 4-уі люкс және 1-і президенттік люкс санатындағы бөлмелер. Кешеннің жалпы аумағы 16 га, оның 10 гектары саябаққа арналған. Қонақжай кешені 5 қабаттан тұрады.

Ол жерде 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Демалушыларға жазғы терассасы бар кафе, монша, караоке клубы, дүкен, балалардың ойын алаңқайы, волейбол және үстел теннисінің алаңы, кітапхана, автотұрақ пен өзге де жайлы жағдайлар қарастырылған.

Көпфункциялы «Көктем Гранд Ресорт» қонақжай кешенінің салтанатты ашылуы рәсіміне облыс әкімі Амандық Баталов қатысты.

Жаңа нысанның ашылуында сөз алған өңір басшысы Алакөл жағалауының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау бойынша Алматы облысында ауқымды жұмыстардың қолға алынып жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар, облыс әкімі жергілікті бюджет есебінен Ақши ауылынан Алакөл жағалауында орналасқан демалыс орындарына дейінгі жалпы ұзындығы 23,8 шақырым болатын жолдар қалпына келтірілгендігін атап өтті. Оған 3 млрд. тенге қаражат жұмсалған.

Биыл «Үшарал – Достық» және «Талдықорған – Достық» бағытындағы автомобиль жолдарына да жөндеу жұмыстары басталды.

Демалушыларды Алакөл жағалауына жайлы жеткізу мақсатында «Жетіген – Достық — Жетіген» бағытында теміржол және «Алматы – Үшарал — Алматы», «Астана – Үшарал — Астана», «Талдықорған – Үшарал — Талдықорған» бағыттары бойынша әуе қатынастары қызмет көрсетеді. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 516,4 млн. тенге қаражат бөлінген. Келесі жылдан бастап Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстарымен қатар көлдің жағасын шайылудан қорғау жұмыстарын қолға алу жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен жылы көлге келген демалушылардың саны 700 мыңды құраса, биылғы жазғы маусымда олардың саны 1 миллионнан асып түсті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here