«Рухани жаңғыру» орталығында  ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен   мемлекеттік мекемелердегі әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарға   ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі уәкіл  Зина Байгаскина  арнайы келді.  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Бейсеқұлова басқосуды ашып, жүргізді.

  Елбасының «100 нақты қадам Ұлт жоспары»  бағдарламасын жүзеге асыру  мақсатында  облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда әдеп жөніндегі уәкілдің  дербес лауазымы енгізілді.  Облыс бойынша бүгінде  41 әдеп жөніндегі уәкіл бар. Басқосу барысында олар  өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыру, әдеп жөніндегі уәкіл институтын жетілдіру, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге деген халық сенімін нығайту барысын талқылады.

 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі уәкілі Зина Сапуанқызы  семинардың басты мақсаты   әдеп жөніндегі уәкілдермен тәжірибе бөлісу екендігін атап көрсетті. «Әдеп жөніндегі уәкілдер инс­титутын нығайту- ең алдымен, халықтың мем­ле­кет­тік ор­­ган­­дарға деген сенімінің ар­­туына, мемлекеттік қыз­метте өза­­­ра қатынастар мәде­ниетінің қа­лып­­­­­тасуына, сондай-ақ ,сыбайлас жем­­­қорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұ­­зуының алдын алуға мүмкіндік бе­­реді.Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бет-бейнесіне жоғары талап қойылып отыр.   Әдеп қағидаларында қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары да бекітілген. Мемлекеттік қызметші өзінің бос уақытында да өзгеге үлгі болуы тиіс»-деді агенттік уәкілі.

Семинарды қорытындылаған  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары  Ләззат Бейсеқұлова жаңартылған әдеп жөніндегі уәкіл институты арқылы мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тағылатын сын  азаятынына сенімді екенін жеткізді. Оның үстіне республика бойынша Алматы облысында  мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу негіздері бойынша пилоттық жоба енгізіліп отыр. Бұл да жұмыс нәтижелігі мен сапасын арттыруға  мүмкіндік береді.

Осы семинардың аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағарламалық мақаласының басымдықтары негізге алған мемлекеттік қызметшілер командасы тиімді қызмет үшін талдау мен сын тұрғысынан ойлау,қиын сәтте дұрыс жол табу, алға ұмтылу бағытында  ойларын білдірді.    Ойын қорытындысы бойынша қазақ лигасында  «Жас маман» командасы Ұлан Боранбайұлы  және  Жансая Смағұлова  (Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы), ал орыс лигасында «Фемида» командасы  Назгүл Ибраева  мен Айгүл Сартова  (Алматы облысы әділет департаменті) бірінші орынды иеленді. Осы  облыстық турнирдің  жеңімпаздары МҚІСҚА ұйымдастыруымен Астана қаласында өтетін республикалық турнирге қатысуға жолдама алды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page