Конституция күніне орай Алматы облысында 150-ден аса шара өтеді

0
67

30-тамыз – Қазақстан республикасының Конституциясы күніне орай Алматы облысы аумағында 152 шара өткізу жоспарланған. Оған 200 мыңға жуық халық қатысады деп күтіліп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-конференциясында Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев мәлімеді.

Айтуынша, мереке аясында көптеген әлеуметтік нысандар ашылмақ. Мәселен, Талдықорған қаласында 2 бірдей жаңа мектеп, Ескелді ауданында спорттық алаң, Қарасай ауданында спорт мектебі, Қаратал ауданында коммуналдық базар,  Алакөл ауданында сауықтыру кешені, Жымбыл ауданында жаңа көше, Еңбекшіқазақ және Ескелді аудандарында балабақшалар ашылмақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here