Қоғамдық кеңес мүшелері Алматы облысында

0
62
Фото авторы А.Нұршанов

Жетісу өңірінде Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы аясында атқарылып жатқан  жұмыстар легімен  танысу үшін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Республикалық Қоғамдық кеңес мүшесі Нұртай Сабильянов пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысы Абылай Мырзахметов  келіп, бірқатар нысандарды аралап, облыс активімен кездесу өткізді.

Фото авторы А.Нұршанов

Облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов  бес әлеуметтік бастаманың аймағымызда жүйелі жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыста аумағы 35.3 мың шаршы метрді құрайтын 589 пәтерлі 17 тұрғын үй қолданысқа берілмек. Бүгінгі күні «Банк Центр Кредит» АҚ мәліметінше,  барлығы 40 өтініш келіп түскен. Олардың 28 оңтайлы шешіліп, 331 млн.теңге қаражат бөлінді. Екінші бастамада салық жүктемесін азайту жөнінде айтылған. 2019 жылдың 1 қаңтарынан салық жүктемесі 10 есеге төмендеп, 1 пайызды құрайды деп күтілуде. Үшінші бастама аясында облыс әкімінің грантымен бүгінгі күні 438 студент білім алса, қосымша 100 грант бөлу мәселесі де шешілуде. «Тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы бойынша 2018-2019 оқу жылына мемлекеттік тапсырыспен 7474 адам қабылданды. Облыстың 2 университеті мен 8 колледжі үшін 10 жатақхананың құрылысы үшін жер телімдері анықталды. Төртінші бастамада  шағын несие беруді қамтамасыз ету мәселесі айтылған болатын. Облыста бүгінгі күнге дейін 303 ауыл тұрғыны жалпы сомасы 1 163,4 мың теңгеге шағын несие алды. Газдандыру жұмыстары бойынша Талдықорған қаласында 22,4 млрд.теңгеге газ тарату желілерінің құрылыстары жүргізілуде. Алматы агломерациясындағы 187 елдімекен 100 пайыз газбен қамтылса, облыстағы газбен қамтылу көрсеткіші – 57 пайыз», — деді.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here