Жастар фестивалі өтті

0
56
Дереккөз

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен халықаралық жастар күніне орай тұңғыш облыстық “Jetisy Style” фестивалі өтті.

Дереккөз

Қаратал жағалауында өткен шараға облысымыздың әр аймағынан  жиналған 200-ден астам жас белсене қатысып, өнерлерін көрсетті. 25 алаң құрылып, шығармашылық, спорттық, ойын-сауықтық сынды бірнеше бөлімдерге бөлінді. Шығармашылық алаңдағы қазақ күйшілерінің туындысын орындаған 100 домбырашыдан құралған оркестрдің өнері көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ, фотокөрме мен қолөнер шеберлерінің туындыларына қызығушылық танытып, бұйымдарды сатып алғандар саны да біршама болды. Талантты жастар робототехника саласындағы жетістіктерімен бөлісіп, көпшіліктің таңдайын қақтырды. Салауатты өмір салтын ұстанар жастар спорттық сайыстардан да қалыс қалмады. “Өлең сөздің патшасы” атты поэзия кешінде 21 қатысушы бақ сынап, өзара сынға түсті. Жеңімпаздарды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.  Этноауыл алаңында халқымыздың мұрасынан сыр шертер қазақ үйлер тігіліп, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді. Жиналған қауым қымыз, шұбат сынды ұлттық сусындардан дәм тату мүмкіндігіне ие болды.

Дереккөз

Айта кетейік, жастар фестивалі барысында жаңа рекорд орнатылды. 29 жасар Нұрлан Жартыбеков 72 сағат үзіліссіз тоқыма тоқып, Қазақстанның рекордтар кітабына екінші мәрте енді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here