Ұлтымыздың біртуар перзентін еске алды

0
50
Фото авторы А.Нұршанов

22 тамыз – аса  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО-да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ Дінмұхамед Қонаевтың өмірден өткен күні. Осыған орай ұлтымыздың біртуар перзентін еске алу шарасы өтті.

Фото авторы А.Нұршанов

Шара барысында жиналған қауым халықтың ыстық ықыласына бөленген тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өмірі, өскен ортасы, еңбек жолы, игілікті істері жөнінде баяндап, естеліктермен бөлісті.

Фото авторы А.Нұршанов

Облыстық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қоғамдық қорының төрағасы Кәдіржан Жексенов “Осынау ұлы бабамыз, ғұлама данамыз туралы айтар сөз, тарқатылар шежіре көп-ақ. Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Билік басында болған уақытта елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Қазақ өнерін жоғары бағалаған ол өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Бірқатар өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды. Өзінің телегей теңіздей білімі мен тәжірибесін, жеке өмірін тұтастай халқына, ұлтына арнаған Д.А.Қонаев 22 тамызда қайтыс болды. Мансап пен байлықтың құлы болмай, өзінің  емес, қара ормандай халқының, ұлты мен ұрпағының қамы үшін адал ғұмыр кешіп баршамызға үлгі болды. Күпі киген қазақтың қамын ойлап күн кешті. Оның даңқты есімі ешқашанда ұмытылмақ емес”-деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here