Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық

0
138
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен Жетісу журналистері жақында Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңірлеріндегі киелі жерлерді аралап қайтқан болатын. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама­лық мақаласын арқау етіп, ұзақ сапардан оралған тілшілер өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз мәслихатын өткізді.

Жалпы, блог турдың негізгі мақсаты – қазақтың тарихын, соның ішінде еліміздегі киелі географиялық нысандар тізіміне енген қасиетті жерлерді зерттеп, оны халық арасында кеңінен жаңғырту һәм бабаларымыздан қалған тарихи жәдігерлерді насихаттау болатын.

Жиын барысында сөз алған «Жетісу» газетінің тілшісі Ришад Тұрғанбай мен «Огни Алатау» газетінің тілшісі Шолпан Жұмағұлова блог турдан алған әсерлерін айтып, көрген қызықтарымен бөлісті. Айтуларынша, ұлттық болмысымызды қайтадан тірілту бағында қолға алынған мұндай ауқымды жобалардың берері көп. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық дейді ғой. Бабалардан мирас болып қалған тарихи, мәдени мұраларымыздың аңызға толы сырларын зерттеп, рухани ләзат алып қайттық. Журналистердің шығармашылық дамуына жағдай жасап беріп отырған ұйымдастырушыларға көп рахмет», — дейді тілшілер.

«Әр топта сегіз журналистен болды. Біздегі бірінші топ алғаш Оңтүстік Қазақстандағы Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарына барып, сол жерлердегі қасиетті орындарды аралап келген болатын. Ал, екінші тобымыз дәл осындай мақсатта Батыс Қазақстан өңірінің тарихымен танысып қайтты. Журналистер келген бойда танымдық материалдарын жариялап, ақпараттық қолдауларын көрсетті», — дейді консалтинг орталығының жетекшісі Елдар Сапаров.

Айта кетейік, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы журналистердің халықаралық деңгейге шығуы үшін ТМД елдеріне де болг тур ұйымдастырғалы отыр. Оның ішіне Ресей, Өзбекстан, Беларуся және Украийна елдері кіретін болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта АҚШ, Франция, Катар және Жапония елдеріне де жергілікті  тілшілердің шығуына мүмкіндік бар. Ол жақта БАҚ өкілдеріне тағылымдамадан өтіп, халықаралық медиа форумдарға қатысу жағы қарастырылған. «Егер осындай ауқымды шараларға қатысуға ниет білдірген немесе сондай бір форумдарға шақырту алған тілшілер болса, консалтинг орталығына хабарласып, өтініштерін берсе болады. Біз журналистерді осы бағытта қолдауға дайынбыз», — дейді Елдар Сапаров.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here