Мектептер электронды оқулықтармен қашан толық қамтылады?

796

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазір оқулықтардың 79%-ы цифрлық форматқа көшіріліп, мемлекеттік сараптамадан өтті және оқулықтар тізіміне кірді,- деп хабарлайды өзге ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Бұл ретте электронды оқулықтар әзірлеу жұмысына еліміздегі 11-ден аса отандық баспалар атсалысқан.

«Пәндерді электронды оқулықтармен 100% қамту 2024 жылға жоспарланған. Педагогтер үшін электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталды. Қазір 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің сөзінше, 2023 жылдың басынан бастап Цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылған. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз