Гендерлік саясат

0
80

Ата Заңда мемлекеттің басты қазынасы- адам екендігі нақтыланып, әйел мен ердің теңдігі бекітілді. Елімізде жыныстық белгілері бойынша ешкім де дискриминацияға тартылмайды десек, ана мен әкенің тең деңгейде қорғалатындығы Конституциямен көрсетілген. Себебі, гендерлік саясат ел дамуының басты бағыттарының бірі.

Елбасының саясатында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ ана мен баланы, әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік тең құқылықты қолдау негізгі рөл атқарды. Соған сай, елімізде балалы отбасылар мен әйелдерге әлеуметтік көмек көрсетудің мақсатты жүйесі қалыптасты. Атап айтқанда, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жолында арнайы институттар қалыптастырылып, заңдар жетілдірілді. Бүгінде әйел адамдардың игермеген кәсібі жоқ. Сот жүйесінде де әйел затының орны бөлек. Судьялар мен сот қызметкерлерінің жартысынан көп бөлігін нәзікжандылар құрайды. Қазақстан әйелдері қауымының 99.3 пайызы орта және жоғары білімді екені де тең құқықтылық көрінісі. Мұның өзі әйел затының қоғамдағы орнының жоғарылығын көрсетеді.
Гендерлік теңдік деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелілігі жоғары болатыны дәлелдеуді қажет етпейді. Еліміздің барлық өңірінде зорлық-зомбылық құрбандарына тегін медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-құқық-
тық, әлеуметтік-психологиялық қызметтер,
сондай-ақ, уақытша баспана беру қызметтері көрсетілген дағдарыс орталықтары жұмыс істеуде.
Елімізде соңғы жылдары әйелдер мен ер адамдардың қоғамда құқығы мен мүмкіндіктерінің тек болуы үшін жасалған шаралар легі артып келеді. Құқықтық және институттық негіздердің жеткілікті болуы осының дәлелі, сондай-ақ, еліміздегі гендерлік теңдікті жетілдірудің статистикалық мәліметтер мен көрсеткіш-тер жылдан-жылға жақсаруда.

Ш. Изгуттиева,
Кербұлақ аудандық
сотының кеңсе меңгерушісі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here