«Ауылым — алтын тұғырым» тың туынды

94

«Ауыл» партиясы ауылдың дәстүрлі өмір салтын дәріптеп, тыныс- тіршілігін көркем шығарма арқылы көпшілікке ұсынды.

«Ауылым–алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсы 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.Өңірлік коммуникациялар орталығында  Алматы облысының «Ауыл» ХДПП филиалының төрағасы Қанат Бекиев пен төраға орынбасары Қаламқас Исаеваның айтуынша,әдебиет порталымен бірлесе өткізілген конкурстың нәтижесінде «Алтын тұғыр» ІІІ томдық жинақты басып шығару дәстүрге айналған.

-Байқаудың негізгі мақсаты – қаламгерлерді ауылдың рухани өмірін, тыныс –тіршілігін, ондағы әлеуметтік–экономикалық жетістіктерді айтуға, суреттеуге ынталандыру,  Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу еді. Осы мүддеден  шықтық деп ойлаймын.  Себебі,  «Ауылым-алтын тұғыр» әдеби-онлайн конкурсына қатысқан 213 қаламгердің шығармалары жинаққа поэзия, проза, драма жанрлары бойынша  топтастырылып отыр.  Әдеби жинақтың биылғы таралымы — 1мың дана. Кітап партия филиалдары арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі кітапханаларға таратылмақ,- дейді  Қаламқас Исаева.

Қазіргі таңда конкурс  халықаралық деңгейге жеткен. Онлайн негізде болғандықтан оған өз елімізден бөлек Қырғызстан, Ресей, Қытай, Моңғолия, тіпті Түркия мемлекеттеріндегі қандастарымыз және сол елдерде білім алып жатқан жас қаламгерлер де қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.

 Алдағы уақытта  конкурс жалғаса ма деген сауалға, спикер әдеби байқаудың жалғасын табатындығын айтты. Екі жылда қатысушылар саны көбеймесе, азаймаған.  Себебі, байқауға  өткен екі жылда 532 шығарма келіп түсіпті. Мақсат — оқырман мен қаламгерлер асыға күтетін,  жыл сайын дәстүрлі  өткізетін әдби жобаға айналдыру. Бұл мақсат біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Конкурс әдеби ортада танымал бола бастады.Белгілі ақын-жазушылардан бөлек,  қаламы ұшқыр жастардың жүлдегерлер қатарынан көрініп жүргендігі көңілді марқайтады. Ауыл – біздің алтын тұғыр, түп қазығымыз. Оның қасиетті топырағынан кіндігімізді үзіп алмауымызға тиіспіз. Бұл идея әрбір саналы азаматтың өмірлік ұстанымына айналса игі.

 Шараны ұйымдастырушылардың пікірінше,  ауыл  тақырыбындағы тың туынды  қазіргі әдеби қорымызға қосылған үлкен үлес болары сөзсіз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page