Талдықорғанда төрт көшеге жаңа атау берілді

0
246
фото А.Нұршанов

Шілде айының 6 күні ұлан-ғайыр қазақ даласында Елордасы Астананың 20 жылдығы айрықша аталып өтілді. Алматы облысында ұйымдастырылған мерекелік шара басталар алдында Талдықорғандағы 4 бірдей көшеге тың атау беріліп, жаңадан тұрғызылған Жетісу аркасы ашылды.

фото А.Нұршанов

Нақтырақ айтсақ, Талдықорғаннан Алматыға шығар жолдағы кең даңғылға ғұлама ғалым, ұлы тарихшы көреген көсем Қадырғали Жалайыри есімі берілсе, шаһардың Оңтүстік батысындағы жаңадан бой көтерген 6-7 шағын аудандардағы қанаттас 3 көшенің бірін бас қаланың құрметіне Астана даңғылы, екіншісін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімов есімімен, тағы бірін «Социалистік Еңбек ері» Зылиха Тамшыбаеваның атымен атау белгіленді. Жиналған қауым алдында сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов алдымен Жетісу жұртын айбынды Астана күнімен құттықтап, ізгі тілеген жеткізді. Сондай-ақ, Амандық Ғаббасұлы:  «Астана – Елбасының ерен еңбегінің жемісі,  Қазақстанның жаңа дәуірінің батыл бастамасы! Тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жылдарында, Президент қабылдаған тарихи шешім елімізді дамудың даңғыл жолына бастады. Есілдің бойына ел қондырған бүгінгі Астана – Тәуелсіздіктің төл тарихы, ұлттың ұйытқысы, құт-береке қонған киелі мекенге айналды. Қаланың сәулеттік философиясын Елбасының өзі қалыптастырып, бас жоспарын өзі сызды. Сөз жоқ, бүгінгі Астана – Тәуелсіз Қазақстанның өз қолымен орнатқан ең бірінші Елордасы, татулықтың тұрағы, бейбітшіліктің бесігі, жасампаздықтың жарқын үлгісі! Ұлтымыздың ұлы армандарының ақиқатқа айналған тарихи шежіресі» -деп, атап көрсетті.

Фото А.Нұршанов

Осыдан соң сөз кезегінде Жетісу өңірінің абыз ақсақалдары мен  зиялы қауым өкілдері істелген әрбір игі істерге ризашылығын білдіріп, аймақтағы атқамінер азматтарға алғыс айтты.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here