«Мариям» балабақшасы ашылды

106

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында  Талдықорған қаласында «Мариям» балабақшасы ашылды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде ашылған бұл балалар мекені 3 топқа  бөлінген, 75 балаға лайықталған.

Салтанатқа қатысқан қала әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, бүгінгі күні Талдықорған қаласы бойынша 66 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасайды. Оның 16 мемлекеттік, 42 жекеменшік балабақшалар, 8 мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар.  Жалпы қала бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту  96,8% құрап отырғандығына тоқталды. Жиналған қауымды  мерекеге орай құттықтап, балдырғандарға ақ жол тіледі.

Осы жылы Талдықорғанда  375 орынға 5 жекеменшік балабақша ашу жоспарланған болатын.

 Жақында Біржан сал көшесі, №110 мекенжайында орналасқан  «Тукенов» ЖШС   100 орындық «Кішім апа» балабақшасын қолданысқа  берді. Енді мереке қарсаңында  Ескелді би көшесі №27 үйден ашылған   «Мариям»  балабақшасының құрылтайшысы —  Индира Желеубаева.

Индира Жетенбайқызының бұдан бұрын да ашқан, жұмыс жасап жатқан «Аниса» атты  балабақшасы бар. Кәсіпкер «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдаудың  2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» бойынша  төменгі пайызбен 18 миллион теңге алып балабақша құрылысын бастаған болатын.  Елорда мерекесі қарсаңында ел игілігіне ғимаратты ұсынды. Балабақшада 25 адам жұмыспен қамтылса, оның алтауы   тәрбиешілер  және меңгеруші Әйгерім Ұлтанбекова қызмет жасайды.  Балдырғандарға  үштілділік негізінде қазақ, орыс, ағылшын тілі үйретіледі.  Төлемақы  бағамы  15 мың теңге болып бекітілген.

Салтанатты жиында кәсіпкердің анасы, асыл әже Ғазиза Смағұлқызы  батасын берді. «Ақ әжелер» ансамбілінің мүшелері, ақ жаулықты аналар шашу шашты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page