Су тасқыны: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

24

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан облыстарының тұрғындарына ұсыныстарын айтты.

Министрліктің Instagram-дағы ресми парақшасында ведомство су басқан өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырғанын жазған. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭҚ) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылған. «Қазақстанда су тасқынына тән инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді», – делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше, судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ.

«Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерге Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жіберілді. Өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда», – дейді ведомство өкілдері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз