Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері

137

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылады.

 

Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер

Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.

Үйдің ішінде:

Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.

Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн.

Қауіпсіз жерлер:

Үйде (ғимараттың ішінде)

1)Босаға есік жақтауы

2)Ішкі бұрыш

3)Мықты қабырға

4)Бел ағаш

5)Ванна, тоңазытқыш

6)Парта,стол,кереует

Далада:

1)Ашық алаң

2)Биік ғимараттардан аулақ болу

3)Биік ағаштардан аулақ болу

Қауіпті жерлер:

1)Терезе жақтағы бұрыш

1)Биік ғимараттар

2)Биік ағаштар

3)Баспалдақ

4)Лифт

5)Жиһаздар

6)Шам жағу қауіпті

7) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер

Далада:

1)Биік ғимараттар

2)Биік ағаштар

3)Электр жүйелері

4)Жер асты өткелі

Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз.

– лифтті пайдаланбаңыз.

– есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар.

– үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз.

– сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.

Автомобиль ішінде:

– сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс.

– жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз