МӘМС АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАТЫНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

85

Бірінші кезекте сізге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелуіңізді тексеру қажет. Тіркелген клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болуы керек екенін есте ұстаған жөн

 Егер сіз медицинадық ұйымға әлі тіркелмеген болсаңыз, міндетті түрде тіркелу керек. Себебі олсыз жоспарлы түрде дәрігерге бара алмайсыз, диагностикадан өте алмайсыз және медициналық көмектің басқа да түрлеріне жолдама ала алмайсыз

 Екінші. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеруді ұмытпаңыз. МӘМС-тің кеңейтілген пакетіне қол жеткізу үшін сізге «Сақтандырылған» мәртебесін алу қажет. Оны Қордың сайтында www.fms.kz ЖСН нөмірі бойынша немесе @saqtandyrybot Телеграм-ботының көмегімен тексере аласыз

Үшінші. Емханаға бармас бұрын, алдымен терапевтке жазылуды ұмытпаңыз. Мұны мобильді қосымша арқылы немесе емхананың call-орталығы арқылы жасау ыңғайлы. Талонды алу үшін емханаға сәл ертерек келген дұрыс. Бүгінде әрбір қалалық емханада электронды кезектер жұмыс істейді

 Учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз бейінді маманның қабылдауына жазыла алмайтыныңызды есте ұстаған жөн

 Төртінші. Учаскелік дәрігер сізге негізгі немесе кеңейтілген анализдер тізіміне жолдама береді, Қажет болған жағдайда диагностикалық тексеруге және денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау үшін бейінді маманға жолдама береді. Бұл үшін өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ

 ЗЕРТТЕУГЕ НЕМЕСЕ БЕЙІНДІ МАМАНДАРҒА ЖОЛДАМА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТІЛІМДЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА БЕРІЛЕДІ

Естеріңізге сала кетейік, медициналық көмек алу мәселелері бойынша және кез келген туындаған мәселелер бойынша сіз әрқашан келесі қолжетімді ресми байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз: 1414 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қор сайты www.fms.kz, Telegram-дағы Saqtandyry-bot, Қор филиалы + 7 7282 55 90 06, 55 90 07, 55 90 13.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз