Ауыл балаларына арналған тұңғыш пәндер олимпиадасы басталды

222

2024 жылғы 14-18 қаңтар аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы басталды. Бұл білім додасына  Жетісу облысынан 19 оқушы қатысуда.

 Бұл пән  олимпиадасының  мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік  және кәсіби бағдарлануына бағыт беру болып табылады. Еліміздің  әр аймағынан келген балалар білімдерін таразылайтын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз