Мемлекеттік аппарат құру өлшемі

228
фото Д.Жаныс

Талдықорғанда «Қазақстан 2050» «Өте жоғары этика және кәсібилік» тиімді мемлекеттік аппарат құрудың негізгі өлшемі атты арнайы жиын өтті. Оған шаһардағы әрбір мекеме басшылары, Өтенай, Еркін ауылдық округтерінің әкімдері мен жетекші мамандары шақырылған. Қала әкімдігінің аппарат басшысы Абзал Жаншабайдың төрағалығымен өткен басқосуда мемлекеттік қызметшінің әдебі, мінез-құлық нормалары туралы жан-жақты түсіндірілді.

фото Д.Жаныс

Нақтырақ айтқанда, әрбір мемлекеттік қызметші қарапайым халықпен қарым-қатынаста, көпке сапалы қызмет көрсету үшін әдепті де ибалы болуы тиіс. Жұмыста және жұмыстан тыс уақытта болсын мәдениеттілікті сақтап, мемлекеттік қызметке ешқандай кір келтірмеуі керек. Бұл туралы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ұлан Қалжанов айтты.  Сондай-ақ, ол: «Қазір мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылатуға баса назар аударылуда. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп «Рocketbook» қойын кітапшасын әзірледі. Сол  нұсқаулықта мемлекеттік қызметшілердің негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған. Әрі олардың парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері толық жазылған. Кітапша әдеп саласындағы мәселелер туындайтын жағдайда мемлекеттік қызметшілерге нұсқаулық құралы ретінде қызмет етеді. Онда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттағы, қызметтегі қарым-қатынас, әлеуметтік желілерде өзін дұрыс ұстау, бұқаралық ақпарат құралдарында, көпшілік алдында сөз сөйлеу және түрлі мүдделер қақтығысы туындаған жағдайлардың мысалдары келтірілген. Қызметкерлерге ыңғайлы және қолжетімді болу үшін жадынамадағы барлық ұсынымдар жеңілдетілген түрде баяндалған» – деді. Осыдан соң жиналған қауымға мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары туралы кітапша үлестіріліп берілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page