Басыңа келсін!

0
166
дереккөз

Баян деген бір әріптесім бірге жұмыс істейтін Жанар есімді бір жас қызды ұнатып: «Осы қыз менің ұлыммен жасты екен. Өзі орысша оқығаны болмаса, әдепті де ибалы көрінеді. Бұйыртса ұлыма айтып, құда түсіп, сырға салып, қойсақ деп ойлап жүрмін»  – деп, сырын айтты.

Арада біраз уақыт өтті. Құрбан айттың екінші күні болатын. Жұмыста отырсақ Жанар кіріп келді. Бәрімізден бұрын орнынан ұшып тұрып, аман-саулық сұраған Баян: «Жанартай қалың қалай? Айтың қабыл болсын!» — деді. Сонда, Жанар еш саспастан:  «Рахмет тәте, басыңа келсін!» дегені.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here