Қазақ малдан асқанмен ардан аспайды

0
169
дереккөз

Аякөз ауданының белгілі ақыны Азанғали Тұраров деген ақсақалды танымайтын адам кемде кем шығар-ау сірә. Тапбермеде тауып айтып, талайды сүйіндірген от ауызды, орақ тілді қарияның әрбір сөзі мәнді де мағыналы.

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарының бірінде Аякөз қаласын басқарған  әкімге халықтың көңілі толмай орталақ алаңға жиналып, неше күн аудан басшысының орнынан кетуін талап етіпті. Жоғарыдан істің анық-қанығын тексеруге келген шенділер алдымен халықты жинап Азанғалиға сөз беріпті. Сонымен Азанғали шулаған халыққа басу айтуға мінберге шықса, мені жамандағалы шықты деп топшылаған аудан әкімі: «Болды аға, мен туралы ештеңе айтып аузыңызды ауыртпаңыз. Онсызда орнымды босатқалы тұрмын» деп, зіркілдепті. Әкімнің бұл әрекетіне шамданған Азанғали: «Тілің жеткенше сөйле, сөзің өткенше сөйле, әділетсіз әкім орнынан кеткенше сөйле» деген. Сен жақсы басшы болсаң халық былай шуламаған болар еді. Мен не сөйлерімді сенен сұрамаймын» депті. Ақыры, әкімді орнынан алып, орнына жаңа әкім тағайындалыпты. Арада он неше жыл зулап өте шығыпты. Бір күні Азанғали бір өлім болған үйге бара жатса, алдынан баяғы Аякөзден қуылған әкім шыға келіпті. Бұрылып кетуге намыстанған Азанғали қарсы келіп:

«Су жардан асқанмен талдан аспайды,

Қазақ малдан асқанмен ардан аспайды.

Досыңмын десең досыңмын,

Дұшпаныңмын десең Азанғали одан да қашпайды, Ассалаумағалейкүм» – депті. Сонда бұрынғы әкім: « Ой, аға сіздің сол сөзіңіз маған үлкен сабақ болды ғой, Уағалейкүмассалам» –  деп, құшақтай алыпты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here