Тіл тазалығын сақтайық!

0
203

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясын бастады.

Бүгін  Талдықорған қаласында бастау алған маңызды шара облыс бойынша барлық аудан, қалаларды қамтып 3 ай жүргізіледі. Қаламыздың  орталығында өткен   ашылу рәсімінде сөз алған Алматы облысының тілдерді дамыту жөнін­дегі басқармасының бөлім басшысы  Ермек Ақшабаев  шараның маңыздылығы жайында:
-Облыс бойынша 16 аудан мен 3 қалада да бір мезгілде басталып отырған акция маусым айының ортасына дейін жалғасады. Аталмыш шара аясында барлық халыққа қызмет көрсету нысандары иеле­ріне заң аясында түсіндіру жұмыстары жүр­гі­з­іледі. Өткен  жылғы акция барысында  облыс бойынша 2449 объект қамтылған 616 рейд  жасалды. Онда 862 кемшілік анықталды. 700-ге  жуығы берілген мерзім аралығында  қателерді түзетті.  Анықталған заң бұзушы­лықтарды түзетуге бір ай уақыт беріледі. Заң­бұ­зу­шы­лықтар белгі­ленген мерзімде түзетілмеген жағ­дайда Қазақстан Республи­к­а­сының «Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы» кодексінің 75-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданы­ла­тын болады, – деді.
Акция Талдықорған қаласындағы Бір­жан сал, Тәуелсіздік, Қабанбай батыр кө­ше­­лерінің бойында орналасқан «Керуен», «Қарағаш», «Шаған», «Еуразия», «Көк­базар», «Әлдибек», «ГУМ», «ЦУМ» сауда үйлеріндегі кәсіп­кер­лерге және осы көше бойындағы халыққа қызмет көрсету нысан­дарының иелеріне «Қазақстан Республи­ка­сын­дағы Тіл туралы» Заңының 21-бабы та­лап­­тарын түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізумен бас­талып, парақ­шалар мен сөздіктер та­ра­ту­мен жалғасты. Сонымен бірге, қоғамдық көліктерге шара жөнін­дегі парақшалар ілі­ніп, қала тұрғын­да­рына сауалнама жүр­гі­зілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here