Мұқағали музейінің жәдігерлері Талдықорғанда

206

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында  І.Жансүгіровтің әдеби музейі мен Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы М.Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Музей — тарих қоймасы, өмір айнасы» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті. М.Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінен арнайы әкелінген 80-нен астам жәдігер, оның ішінде ақынның тұтынған тұрмыстық заттары, шығармаларынан қойылған көрмені тамашалауға  облыс   орталығының жұртшылығы  мүмкіндік алды.

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ә.Жақыпбекова шараны  құттықтау сөзімен ашып, «Жетісу» газеті редакторының орынбасары Ж.Әміреев жырдан шашу шашты. Ал М.Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі меңгерушісі Р.Макеев ақын және оның туған жері Қарасаз ауылының тарихынан мол мәлімет беретін шағын баяндамасын оқыды.

Сонымен қатар,республикалық М.Мақатаев оқуларының жеңімпаздары ақынның өлең шумақтарын оқыды. Мұқағалиша мұң шағып, сиқырлы сезімге бөледі. «Талдықорған әуендері»фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі Г.Нұрасылова, ақынның сөзіне жазылған  әндерін тамылжыта орындады.

Салтанат Төлегенова,

Ілияс Жансүгіров әдеби музейінің аға ғылыми қызметкері.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterShare on VKPrint this page